"Алсердің" әсері онша емес...

Данияр Наурыз, 11.02.2017

Цифрлық техника дүкендерінің ұнамсыз жәйттері

Жақында, Қаспий теңізінің жағалауындағы қалалардың бірінде орналасқан "Алсер" дүкенінде сериялық нөмірі CND6446M7P "Хьюлетт-Паккард" ноутбугін сатып алдым. Оны сатқан дүкеншілер маған қосымша бағдармаларды ұсынды. Дүкеншілердің айтуынша, осы керемет бағдарламалардың ноутбугіме орналастыруы қиындау, сондықтан оларды орнату үшін менен бірнеше мың теңге сұрады. "Жарайды", дедім, "бағдарламалардың құнын чегіме қосыңыз".

Сөйтіп, үйге келіп, ноутбугімді қоссам, әлгі бағдарламалар көбінесе Интернетте оп-оңай табылатын кәдімгі тегін бағдарламалар боп шықты. Мысалы, олардың арасында тегін "Аваст" антивирусы баршылық. Қалғандары, әбден ескірген бағдарламалар екен. Мәселен, "Микрософт Офис 2007" және "СиКлинер"-дің ескілеу нұсқасы. Сондықтан, мен өзім әлгі икемсіздеу дүкеншілер орнатқан бағдарламаларды ауыстыруға мәжбүр болдым. Сосын, ноутбугімде көптеген драйверлер де жарамсыз боп шықты. Мысалы, "Блютуф" байланыс құралының драйверлерін өзім тауып алып, орнаттым. Әйтпесе, "Блютуф" істемеді. "Алсер"-дегі дүкеншілерге сеніп, босқа ақшамды шаштым, уақытымды жоғалттым. Айтпақшы, басында олар маған істемейтін тінтуірді (мышка) сатып жіберді. Оны да қайтадан келіп, айырбастау үшін қанша уақытымды жоғалттым! Әйтеуір, "Алсер"-діктердің арасында былқ-сылқ біреулер де кездеседі.

postimage

Кезінде, Қазақстандағы тұрмыстық техниканы сататын жылпос саудагерлер тұтынушылардың ақшасын қағып алу үшін мынадай әдісті ойлап тапты. Мысалы, сіз олардың дүкенінен кір жуатын машинаны сатып алсаңыз, осы құрал-жабдықты сіздің үйге жеткізген қызметкерлер ол қалай істейді, қалай іске қосылатының көрсеткені үшін сізден былқ етпей төрт мың теңгені сұрайды. Әрине, қарапайым түсініктеме үшін бұндай қымбат бағаның тілегенін өзі ұят. Сайып келгенде, "Алсердің" пысықай қызметкерлері әлгі алаяқтардың масқара әдісін өзінше қайталап атқаруда. Жергілікті алыпсатарлардан гөрі шетелдегі "Ибэй", "Амазон" тәріздес ғаламтор сауда желілері әлдеқайда адал және олардың ассортименті де өте бай, бағалары да арзандау. Демек, саудамызды мүмкіндігінше интернетте жасауымыз қажет!


Article's URL: http://www.kub.info/article.php?sid=31029




Rambler's Top100 Рейтинг@Mail.ru: количество визитов с 20 сентября 2001, визиты за сегодня, хосты за сегодня RAX.ru: число хитов за 24 часа, посетителей за 24 часа и за сегодня